Соңғы уақытта Қазақстанда телефон арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Қаскүнемдер өздерін мемлекеттік органдардың, оның ішінде Ұлттық Банктің, Ішкі істер министрлігінің және ҚР Бас прокуратурасының қызметкеріміз деп таныстыруы мүмкін, деп хабарлайды EL.KZ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоңырау шалған кезде алаяқтар азаматқа және оның шоттарына жаппай шабуыл жасалуда және оларды қорғау үшін қаражатты «қауіпсіз шотқа» аудару қажет деп хабарлайды.
Бұл ретте алаяқтар өз әрекеттері туралы ешкімге: бұған қатысы болуы мүмкін банк қызметкерлеріне де, тіпті туыстары мен достарына да хабарламауды өтінеді.
Бұл жәбірленушіге ойлануға уақыт бермеу үшін, сондай-ақ білетін адамдардан консультация алуға және жағдайды дұрыс бағалауға мүмкіндік бермеу үшін жасалады. Бұл ретте, алаяқтар топ болып жұмыс істеуі және өздерін түрлі мемлекеттік органдардың және сіздің банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкеріміз деп таныстыруы мүмкін.
Алаяқтар түрлі хабарламалар жіберу үшін кез келген нөмірді, оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған куәліктерін, «қауіпсіз шот» деректемелерін және егжей-тегжейлі нұсқаулықтарды қолдан жасайды. Олар заманауи технологиялардың көмегімен банктің колл-орталығының қысқа нөмірін де ауыстыра алады. Бұл ретте қаскүнемдер басқа қалада немесе тіпті басқа елде болуы мүмкін.
Есіңізде болсын! Банк менеджері, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілі жеке деректерді, қандай карталар ресімделгенін және оларда қанша ақша қалғанын анықтау үшін сізге қоңырау шалмайды. Банкте сіздің толық қаржылық досьеңіз, яғни кредиттік тарихыңыз туралы деректер бар.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) мұндай қоңыраулар түскен жағдайда, әңгімені бірден тоқтатып, сіздің аймағыңыздағы полиция департаментінің жедел желісі арқылы алаяқтық фактісі туралы хабарлау қажет екенін еске салады. Мына сілтемеде байланысу деректері көрсетілген: https://polisia.kz/ru/contacts/
Агенттік және Fingramota.kz жобасы телефон алаяқтарының құрбаны болмау туралы бірқатар ұсыныстар әзірледі.
«Біреу сіздің карточкаңыз бойынша күдікті транзакция жүргізуде»;
«Шұғыл! Сіздің шотыңыздан/карточкаңыздан n- сома есептен шығарылды, ақшаны жедел түрде уақытша шотқа ауыстыру қажет»;
«Сіз бес минут бұрын кредит алуға өтініш бердіңіз бе? Егер бермеген болсаңыз, оны болдырмау үшін шұғыл түрде деректеріңіз қажет»;
«Сіздің картаңыз бұғатталған, оны ашу үшін телефоныңызға коды көрсетілген SMS келеді, соны айтсаңыз» және т.б.
Алаяқтардың басты мақсаты - сізді қорқыту, сізді жеңіл басқару үшін айла-шарғы жасап, сізді алаңдатып қояды.