31.08.2025
07:33
544
Абай өңірінде балалар үшін воркаут алаңы пайдалануға берілді

Абай өңірінде балалар үшін воркаут алаңы пайдалануға берілді

Абай облысының Бородулиха ауданының Березовка ауылында Конституцияның 30 жылдығына орай жаңа воркаут алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Екі жыл қатарынан өткен есептік кездесулерде ауыл тұрғындары балаларға арналған ойын алаңын салу туралы ұсыныс білдірген болатын. Халықтың осы талабы ескеріліп, заманауи алаң пайдалануға беріліп отыр. 

Ашылу салтанатында балаларға арналған қызықты ойындар ұйымдастырылып, тәттілер мен футбол доптары тарту етілді.

Жаңа алаң ауыл тұрғындарына спортпен шұғылданып, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік бермек.