Болгарияның Албена қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пара қол күрестен 27-әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Абай облыстық әкімдігінің мәліметінше, жарыс Армрестлингтің дүниежүзілік федерациясы (WAF) ұйымдастырған 46-әлемдік пара қол күресі чемпионаты аясында өткізілді.
Чемпионатқа әлемнің 24 мемлекетінен 547 спортшы қатысып, өз бақ сынады.
Абай облысы IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің 3-курс студенті Данил Тихонов 55 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, І орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды.
Жас спортшыны колледж ұжымы, ата-аналар мен студенттер қошемет көрсетіп қарсы алды. Жаттықтырушысы – Данияр Тайменов.