Абай облысының полицейлері 17 жыл халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

31 Шілде, 10:47 289

Абай облысының тәртіп сақшылары халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Санкт-Петербургте 2021 жылдан бастап алаяқтық фактісі бойынша халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматы ұсталды.

Сонымен қатар Ресей аумағында есірткіні заңсыз ірі көлемде сақтаған 62 жастағы күдікті полицияның қолына түсті. Ол 17 жыл бойы ізін жасырып келген. Жас баланы зорлады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген тағы бір қылмыскер Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды. Жыныстық зорлық-зомбылық оқиғасы 2023 жылдың наурызында болған.

Бір күдіктіні полицейлер Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұстады, оның есебінде алаяқтықтың 10-нан астам эпизоды бар.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: