Абай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы тағайындалды

9 Тамыз 2022, 19:49 1880

Әділбек Мұқашевтың мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 22 жылдан асады

Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымына Әділбек Мұқашев тағайындалды, – деп хабарлайды El.kz.

Әділбек Қайырбекұлы Мұқашев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын «құқықтану» және Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Заң ғылымдарының кандидаты.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 22 жылдан асады.

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің бас маманы болып бастаған.

Сот жүйесінде және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс тәжірибесі бар.

2014 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органда жұмыс істейді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы, мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры, Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып қызмет атқарған.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Ә.Қ.Мұқашев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болды.

Мемлекеттік қызметшілерді ротациялаудың басты мақсаты – мемлекеттік қызметті өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Бөлісу: