07.09.2022
08:33
1591
Абай облысының логотипіне байқау жарияланды

Абай облысының логотипіне байқау жарияланды

Абай облысының үздік логотипі мен брендбугіне байқау жарияланды, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, байқаудың мақсаты – өңірдің логотипі мен брендбугін жасау арқылы қаланың имиджін жаңарту, оның мәдени-тарихи мұрасын ескеретін үздік жобаларды анықтау. Конкурсқа түскен материалдар бекітілген талаптарға сәйкес бағаланады.

Комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы жеңімпазды белгілейді. Жүлде қоры – 1 000 000 теңге. Байқауға шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері, дизайн студиялары, жобалау ұйымдары мен авторлық ұжымдар қатыса алады, - делінген ақпаратта.

Конкурстық жұмыстарды осы жылдың 1 қазанына сағат 18:00-ге дейін Семей қаласы Қ.Мұхамедханов көшесі, 8, № 412 кабинет мекенжайы бойынша баспа және электронды түрде ұсынуға мүмкіндік бар. Қандай да бір сұрақтар туындаса 8(7222) 522577 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.