Абай облысындағы табиғи өрт оқшауланды

26 Мамыр 2023, 12:42 1121

Абай облысындағы табиғи өрт 25 мамыр күні кешке оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

ҚР ТЖМ мәліметінше, бұған шұғыл қабылданған шаралардың, сондай-ак өртке қарсы бөлімшелердің тәулік бойғы жұмыс нәтижесінде қол жеткізілді.

Дегенмен жергілікті жерге тұрақты аэровизуалды тексеру жұмыстары жалғасуда. Қауіпсіздік мақсатында қосымша 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланған.

Орман өртін сөндіруге жеке құрамнан 800-ден астам адам, 200-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы және 10 тікұшақ жұмылдырылған. Барлығы 357 рет 892,5 тонна су ағызылды.

Өртті сөндіру үшін ілініп жалғанатын су ағызу құрылғысы бар тікұшақтар жұмылдырылған. Су ағызу құрылғылары 10-15 секунд ішінде 5 тонна су жинап, оны 6 секунд ішінде ағызу мүмкіндігіне ие, - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы Абай облысындағы өрт салдарын көрсеткен болатын. Ғарыштан түсірілген суретте қызыл жалын шарпыған 3,5 мыңға жуық аумақты толықтай көруге болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: