Абай облысындағы шалғай ауылдар интернет желісіне қосылады

Бүгiн, 08:34 147

Абай облысының Бесқарағай ауданының Ерназар, Қоянбай ауылдары мен «Морозов» орман шаруашылығында интернет желісін орнату жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, бұл мәселенің шешімін тұрғындар жылдар бойы күткен.

Жоспар бойынша монтаждау жұмыстары желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде аяқталады. Осыдан кейін интернет барлық ауыл тұрғындарына қолжетімді болмақ.

Бұл көптен күткен қуаныш. 2019 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселе көңіл қуантарлық нәтижемен аяқталмақ. Ғаламтор жастарымыздың білім алуына, еңбек етуіне жаңа мүмкіндіктер ашады, – дейді Қоянбай ауылының тұрғыны Медет Ахметжанов.

Зарина Арман
Бөлісу: