Абай облысындағы қайғылы оқиға: 17 жасар жасөспірім қаза тапты

15 Сәуір 2023, 16:20 1254

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Абай облысында қайғылы жағдайда жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

2023 жылдың 14 сәуірінде Бесқарағай ауданында бос жердегі орман шаруашылықтарының бірінде жасөспірім өзінің танысымен бірге шөп жинай бастаған.

Жұмыс барысында жәбірленуші трактор мен білік жетегімен тракторға қосылған шөп орау прессінің арасында тұрып, секірмек болғанда, киімге ілініп, қысылып қалған. Нәтижесінде 17 жасар жасөспірім оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды.

EL.KZ
Бөлісу: