Абай облысындағы өрттің жалпы көлемі 60 000 гектарды құрайды

12 Маусым 2023, 15:40 1351

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы орман өртіне жұмылдырылған күштер мен құралдардың жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар, алайда бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті, - деді министр.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт басталғалы барлығы 1017 рет көлемі 3000 тоннадан астам су ағызылды.

Министр шығыс бағытта өрттің белсенділігі байқалғанын, дегенмен авиациялық техникамен және жерүсті топтармен жану ошақтарын жоюға нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта жедел штабтың деректері бойынша өрттің жалпы көлемі 60 000 гектарды құрайды, оның 43 000 гектарында жану ошақтары байқалады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: