Абай облысындағы өртті сөндіруге екі өңірдің әскери қызметкерлері жұмылдырылды

10 Маусым 2023, 09:46 770

Абай облысындағы орман өрттерін сөндеруге Алматы және Қарағанды облыстарынан әскери бөлімдердің қызметкерлері төтенше жағдай аумағына жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше құрылым басшысы Юрий Ильиннің өкімімен бүгін таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері өрт орнына аттанған. 

Қазіргі уақытта тілсіз Абай облысының Поднебесное, Успенка ауылдарында, Каштак орманшылығын шарпып, өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Сонымен қатар, аэровизуалды тексеру жүргізілуде.

Өрт орнына арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті қосымша жіберіліп, басқару органы ол жерден де төтенше жағдай аймағында өз функцияларын жүзеге асыратыны айтылды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: