Абай облысындағы өрттен 14 адам қаза тапты

10 Маусым 2023, 20:10 1883

Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында 11 қаза тапқан адамның денесі табылған. Қаза тапқандардың жеке басы анықталуда. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Орман шаруашылығы үш қызметкері қайтыс болғанын жазғанбыз. Бүгін тағы үш қызметкердің көз жұмғаны анықталды. ҚР ТЖМ мұны растап, қаза тапқандар саны 14-ке жеткенін мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсетуді тапсырды.

Берік Арманов
Бөлісу: