Абай облысындағы өрт. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады

11 Маусым 2023, 21:35 823

Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

9 маусымда Абай облысының орман алқабында орын алған өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу). Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне қабылданды, - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Сонымен қатар адамдардың қаза болуына және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды назарға ала отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Оны тергеп-тексеру аясында жауапты лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: