Абай облысындағы "Ертіс орманы" резерватында өрт болып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі 15 шілде күні Шарбақты ауданының Степное және Бауыртал орманшылықтарында орманда өрт шығып, қою түтін байқалғанын мәлімдеген еді.
Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі аумақты әуеден барлап, 98 орамдағы өрт ерекше бақылауда, онда өрт күшейіп бара жатқаны белгілі болып отыр.
«Ертіс орманы» резерватының ақпаратына сәйкес, әуеден барлау нәтижесінде өртенген аумақтың алдын ала ауданы 850 гектрады құраған.
Оқиға орнында 100-ден астам техника мен 300-ден астам адам, оның ішінде 5 тікұшақ өртті сөндіруде. Бір тәулік ішінде өрт ошақтарына әуеден 22 рет жалпы көлемі 66 текше метр су төгілді.
Сондай-ақ, өртті сөндіруге Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған.