Абай облысындағы орман өртіне бүгін 1000 тонна су төгілді

10 Маусым 2023, 16:21 1101

Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төтенше министрлігінің мәліметінше өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жою жұмыстарын атқаруда. 

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 237 бірлік техника жұмылдырылды. 

Сондай-ақ, 11 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылды. 10 маусымда таңғы сағат 6.00-ден бастап  өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді, жалпы көлемі  410 тоннаны құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 263 рет су төгілді, жалпы көлемі  590 тоннаны құрайды. Әуеден барлау нәтижесінде жекелеген учаскелерде орманның төменгі бөлігінде өрт байқалады. Сағат 10.30-дан 11.00-ге дейін өрт болған жерде аздаған жаңбыр жауды.

Бүгінге дейін жедел желіге 52 қоңырау түскен. «Қазгидромет» АҚ 10 маусымда облыстың басым бөлігінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, дауыл күтілетінін ескертті. Жел солтүстік-батыс, солтүстік 9-14, облыстың көп бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. ауа температурасы 24-29, облыстың оңтүстігінде 34 жылы болады деп болжанған. 

Асқар Таудай
Бөлісу: