Абай облысындағы барлық жолдар ашылды

29 Қараша 2022, 10:07 1381

Кеше аймақта ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылған

Абай облысының аумағындағы республикалық, халықаралық маңызы бар жолдардың барлығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Сағат 8.00-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскелері бойынша жеңіл автокөліктер, тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, жолаушылар автобустары үшін қозғалыс ашылды. Абай облысының республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарының барлық учаскелері бойынша дизельді қозғалтқыштары бар автокөліктер және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалыс шектеуі алынды», - деп жазды жернілікті әкімдіктен.

Айта кетейік, кеше аймақта ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.

EL.KZ
Бөлісу: