Абай облысында заңсыз дизель отынын тасымалдағандар ұсталды

18 Маусым 2023, 00:17 713

Абай облысының полицейлері дизель отынын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 829-шақырымында Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан ГАЗ-27390 көлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізуші өз көлігінде жалпы көлемі шамамен 2 тонна 600 литр дизель отынын тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны анықталды. 44 жастағы заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 3-бөлігі (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, осы баптың санкциясымен жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Перизат Саденова
Бөлісу: