Абай облысында ұшқышсыз ұшу аппаратын сыналды

5 Шілде, 02:34 579

Абай облыстық ТЖД CX-25 маркалы ұшқышсыз ұшу аппаратын сынап көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұл жабдықты департаменттің балансына берген. Аталған ұшқышсыз ұшу аппараты тік ұшатын, ұшақ типті. Негізгі артықшылығы, 50 км-ге дейінгі ұшу қашықтығы және белгілі бір аймақты патрульдеу үшін ұшу тапсырмасын қою мүмкіндігі бар. Сондай-ақ оның жылу камерасы бар, бұл құрылғы адамдарды іздеуге және түтін мен жылу нүктелерін анықтауға мүмкіндік береді.

ТЖД мәліметінше, жеке құрам аптасына 3-4 рет осы аппаратта оқу ұшуларын жүргізеді.

Зарина Арман
Бөлісу: