Абай облысында Ресейден келген туристердің жоғалған балалары табылды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Шетелден келген отбасы жолай Аягөз қаласына аялдаған. Сол сәтте балалар әжесімен бірге көліктен түсіп, жақын маңдағы көпқабатты үйдің ауласына ойнауға кеткен. Алайда біраз уақыт өткен соң әжесі немерелерін таппай қалған. Балалардың жоғалғанын білген ата-анасы бірден полицияға хабар берген.
Ақпарат түскен бойда Аягөз аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын бастады. Тәртіп сақшылары Ақтамберді көшесі бойындағы бірнеше аула мен аулаларды мұқият қарап шығып, көп ұзамай балаларды аман-есен тапты. Туристер полиция қызметкерлеріне жедел әрі кәсіби әрекеттері үшін шынайы алғысын білдірді,-делінген мәліметте.