11.01.2025
04:28
1440
Абай облысында түн ішінде монша өртенді

Абай облысында түн ішінде монша өртенді

Абай облысында ТЖМ қызметкерлері моншадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласында тұрғын үй аумағындағы моншаның шатыры өртенді. Тілсіз жау шарпыған аумақ 4 шаршы метрді құраған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуды қаперге салады.