Абай облысында төбелестен 13 жасар жасөспірім көз жұмды

8 Маусым 2023, 15:05 878

Абай облысында 13 жасар жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Полицияның деректеріне сүйенсек, 6 маусымда 13 жасар жасөспірім облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ол су қоймасының маңында болған төбелес кезінде жарақат алған болып шықты.

- Балалар арасындағы жанжал төбелеске ұласқан. Төбелескендер анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-ның 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды, - деп жазылған хабарламада.

Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша заңды процестік шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексерудің деректері жарияланбайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: