25.02.2024
19:06
1129
Абай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

Абай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

Абай облысының жол қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шаралар ретін бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республикалық маңызы бар автожолдарды су шайып кетпес үшін барлық қажетті шаралар қабылданып, алдын ала су басу қаупі бар аймақтар анықталды. Бүгінде сол анықталған аумақтан қар шығару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Су өткізгіш құбырларды тазалау жұмыстары да жолшылардың басты назарында.

Абай облысында биыл қыста былтырмен салыстырғанда 2 есеге көп жауын-шашын түскен.