Абай облысында шаруа қожалық иесінен қару тәркіленді

23 Ақпан 2023, 13:27 1915

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Абай облысының полицейлері шаруа қожалығының иесінен заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көкентау ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарындағы 41 жастағы тұрғыннан заңсыз сақталған ТОЗ-16 бір оқтаулы мылтық пен үш патрон тәркіленді.

Маманның қорытындысына сәйкес, 5,6 калибрлі тәркіленген мылтық пен патрондар зауыттық тәсілмен дайындалған және атуға жарамды.

Сауалнама барысында ер адам бұл мылтық 2020 жылы қайтыс болған марқұм ағасынан қалғанын түсіндірді.

ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі "Тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ - дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

EL.KZ
Бөлісу: