11.12.2024
02:49
698
Абай облысында шахтадан алтын ұрлаған топ ұсталды

Абай облысында шахтадан алтын ұрлаған топ ұсталды

Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады. Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен құрамында 3 келі алтыны бар кен табылып, тәркіленді.

Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты. Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.