09.03.2024
23:04
1183
Абай облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

Абай облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

ҚазАвтоЖол Абай облысындағы су басу қаупі туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 20:00 шамасында күн жылынып, Тарбағатай тауындағы қардың күрт еруіне байланысты "Таскескен-Бақты" (ҚХР шекарасы) республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында еріген сулардың жиналуы байқалады.

Жиналу ұзындығы – 2 км.

Учаскеде қысым режимінде жұмыс істеп тұрған 7 дана темір-бетон құбыры және бір көпір бар.

Автожолға тәулік бойы бақылау жүргізіліп, 10 адам, 4 бірлік техника: 1 бірлік ДРС, 1 бірлік тиегіш, 2 бірлік самосвал жұмылдырылды.

ҚазАвтоЖол жолшылары учаскені 100 қап құммен қоршап қойды. Автожолда қозғалысқа шектеу жоқ.