Абай облысында құдыққа құлаған жылқы құтқарылды

17 Шілде 2023, 14:11 598

Полицейлер терең құдыққа құлап кеткен жылқыны құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Абай облысының Курчатов қаласында суға толы құдыққа жылқы құлап кеткен. Бұл туралы полиция бөлімінің 102 арнасына сағат 19:30 шамасында жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған.

Оқи отырыңыз:

Іші суға толған терең құдыққа жылқының түсіп кеткенін көріп, көмекке келген алты полицей иелерімен бірге құтқару операциясына кіріскен. Жылқы құтқарылып, иесіне табысталды, - делінген мәліметте. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: