09.06.2025
00:31
1620
Абай облысында қайықпен жағалаудан алыстап кеткен отбасы құтқарылды

Абай облысында қайықпен жағалаудан алыстап кеткен отбасы құтқарылды

Абай облысында үрмелі қайықпен алыстап кеткен отбасы құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Абай облысы Жаңасемей ауданына қарасты Шүлбі кентіндегі ГЭС су қоймасында рейдтік іс-шара барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үрмелі қайықпен жағадан алыстап кеткен отбасын құтқарды.

Қатты желдің әсерінен қайықтағы ата-ана мен үш бала өздігінен жағаға қайта орала алмаған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде олардың барлығы қауіпсіз түрде жағаға жеткізілді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.