Абай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 6 жылға сотталды

15 Шілде 2023, 11:53 979

Абай облысында “Qnet” ұйымдастырушылары 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің жазуынша, 2018 жылы К. тәуелсіз өкіл сертификатын ала отырып, “Qnet” халықаралық компаниясының сайтына тіркелген. 2021 жылдың наурыз айының басында өнімді сату және тарату дағдылары бар К. Алматы облысының аумағындағы желілік маркетинг саласында қалыптасқан жағдайды зерттей отырып, желілік маркетинг, халықтың экономикалық сауаттылығының төмендігін пайдаланып, заңсыз табыс көзін табу және пирамиданы басқару ниеті пайда болған.

Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында К. бұрынғы танысы Б.-мен бірігіп, қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында К. және Б. (Гонконг) Малайзияда тіркелген “Qnet” халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет-саудасын пайдаланған.Осыйлайша жасырын әрекет етіп жүрген.

Бірлескен қызметке қатысу үшін, клубтық саяхат картасын сатып алу және “Qnet” компаниясының тәуелсіз өкілі ретінде тіркелу үшін 780 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейінгі мөлшерде азаматтар жарна жасау керек болды. Қаржы пирамидасының кедергісіз және үздіксіз таралуы үшін және ең көп қатысушыларын тарту мақсатында Б және К., 2021 жылы жалға алу арқылы кеңсе ашты. Қатысушыларға психологиялық әсер ету, кездесулер, дәрістер, оқыту семинарларын өткізуімен К. кеңседе мұқият құрылған жарнама компаниясын ұйымдастырды. Нәтижесінде К. және Б-ның қаржы пирамидасына Қазақстан Республикасының жалпы 30 азаматы қосылды, олар өз кезегінде оларға сенім арта және адаса отырып жалпы сомасы 25 млн теңге қаражат салды. Олар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.

Осы дерек бойынша айыптылар ҚР ҚК-нің 217-бабы бойынша алты жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: