Абай облысында өрттен қаза тапқандар саны артты

10 Маусым 2023, 19:20 1305

Абай облысында өрттен қаза болғандар саны 6 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаза тапқан орманшылардың аты-жөнін анықтау мүмкін болмай тұр. Алапат өрт кезінде жоғалған 8 адамнан әлі хабар жоқ.

Дегенмен мамандар алапат өртке байланысты қайтыс болған адамдардың денелерін алып шығуға мүмкін болмай тұрғанын айтады.

Қазір қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Семейде жүр, жуық арада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барады деп күтілуде.

Бұған дейін қызыл жалыннан үш адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Президент Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырды.

Берік Арманов
Бөлісу: