Абай облысында өрттен қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаева жүкті болған

14 Маусым 2023, 16:49 1085

Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаева жүкті болған. Бұл туралы марқұмның құрбысы айтты.

33 жастағы Мейрамгүл Жиенбаева «Семей орманы» РММ Успен орман шаруашылығының басшысы қызметін атқарған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ол орман өрті басталған бойда дабыл қаққан.

Филиал басшылығы бір-бірінің артына тығылып, кеңселерге барып, күні бойы ештеңе істемеді. Содан кейін марқұм Мейрамгүл қоңырау шалып: «7 шақырым қалды, екі шақырым қалды» деп қайта-қайта дабыл қақты, - деді марқұмның досы, Успенка ауылының тұрғыны Шолпан Кенжебаева.

Марқұмның артында күйеуі, 15 жасар ұлы және 5 жасар қызы қалды.

Құрбысы Мейрамгүлдің үшінші баласына аяғы ауыр болғанын айтты.  

Мадина Асылбекова
Бөлісу: