Абай облысында өрт сөндірушілер дүкендегі өртті сөндірді

15 Қыркүйек, 12:49 286

Бүгін Аягөз қаласында жеке тұрған 1 қабатты дүкеннің шатырындағы ағаш конструкциялары өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отпен күресуге жіберілген екі өрт сөндіру есептобының үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 75 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: