Абай облысында офицердің денесі табылды

20 Қыркүйек, 11:57 551

Абай облысында әскери қызметкердің денесі табылды. Бұл туралы Аягөз гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

19 қыркүйекте өзі өмір сүретін пәтерден Аягөз гарнизонының әскери бөлімі офицерінің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол суицид жасаған, - делінген мәліметте.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Әскери қызметкердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында сержанттың денесі табылған. Қазіргі таңда өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр

Мадина Асылбекова
Бөлісу: