Абай облысында мың гектардан астам жер өртке оранды

23 Мамыр 2023, 09:35 877

Абай облысында 18 сағаттан бері ірі орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалын 1100 гектар аумақты қамтыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы мәліметтер бойынша, 23 мамыр күні таңертең Абай облысында орман өртінің ауданы 1100 гектарға дейін ұлғайды. Өңір әкімінің хабарлауынша, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ барлық қызмет қауіпті ауданнан адамдарды шұғыл көшіруге дайын.

Өртті жоюға Абай облысының ТЖД жеке құрамынан 68 адам және 20 бірлік техника, ШҚО ТЖД жеке құрамынан 30 адам және 7 бірлік техника, орман шаруашылығынан – 147 адам және 56 бірлік техника, облыстың жергілікті атқарушы органдарынан – 4 адам және су таситын 4 КамАЗ жұмылдырылды.

Айта кетейік, 2023 жылғы 22 мамырда «101» пультіне Бородулиха ауданындағы ауыл станциясынан 7 км қашықтықта құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт Ресейдің Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькая ауылының маңында басталған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: