Абай облысында көлік аударылып кетті

17 Наурыз, 12:38 894

Абай облысында көлік аударылып кетті. Оқиға Бесқарағай ауданында Семей-Павлодар тас жолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Трассалық медициналық құтқару пунктіне (ТМҚП) ағымдағы жылдың 16-17 наурызына қараған түні көлік аударылып, 4 зардап шеккен адам көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түскен. 

Медицина қызметкерлері келгеннен кейін ақпарат расталды.

ТМҚП қызметкерлері зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, түрлі жарақаттармен Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: