12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАбай облысында кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
30 тамыз күні Омбы – Майқапшағай тас жолының 904-шақырымында Жарма ауданында жасөспірімнің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
14 жастағы мотоциклші жол ережесін сақтамай, қарсы жолаққа шығып, салдарынан Ѕкаnіа жүк көлігімен соқтығысқан.
Бірнеше дене жарақатын алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді. Мұның басты себебі-жасөспірімнің жол қозғалысының қарапайым ережелерін білмеуі, тәртіпсіздік, немқұрайлылық, сондай-ақ ата-аналар тарапынан қадағалауының жеткіліксіздігі.
Абай облысының полицейлері екі дөңгелекті автокөлік иелері арасында жол қозғалысы мен жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер