06.09.2023
15:41
1331
Абай облысында кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды

Абай облысында кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды

Абай облысында кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 тамыз күні Омбы – Майқапшағай тас жолының 904-шақырымында Жарма ауданында жасөспірімнің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

14 жастағы мотоциклші жол ережесін сақтамай, қарсы жолаққа шығып, салдарынан Ѕкаnіа жүк көлігімен соқтығысқан.

Бірнеше дене жарақатын алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді. Мұның басты себебі-жасөспірімнің жол қозғалысының қарапайым ережелерін білмеуі, тәртіпсіздік, немқұрайлылық, сондай-ақ ата-аналар тарапынан қадағалауының жеткіліксіздігі.

Абай облысының полицейлері екі дөңгелекті автокөлік иелері арасында жол қозғалысы мен жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.