Абай облысында жыл басынан бері іздеуде жүрген 34 қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Абай облысы ПД мәліметінше, жыл басынан бері іздеуде жүрген 34 қылмыскер ұсталған.
Ұсталғандардың қатарында адам өлтірген бір адам, бір тонаушы, адам денсаулығына қасақана зиян келтірген екі қылмыскер және үш алаяқ, 17 ұры бар.
Оларды одан әрі іздеу ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және құрамына 195 ел кіретін халықаралық «Интерпол» қылмыстық полиция ұйымымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады, - делінген Polisia.kz таратқан мәліметте.