Абай облысында гаражда тұрған көлік өртеніп кетті

21 Маусым, 21:16 272

Абай облысы Белағаш ауылында жеке тұрғын үй алдындағы гаражда тұрған жеңіл көлік өртенді. Бір адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қызыл жалын үйге дейін жеткен. Оқиға орнына дереу келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіріп үлгерді. 

Өрт аумағы - 80 шаршы метр. Үй иесі ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: