Абай облысында еріген қар суы басуы мүмкін ауылдарда тиісті шаралар қолға алынды

10 Наурыз, 12:16 970

Абай облысының Мақаншы ауданындағы Бақты ауылындағы жағдай бойынша төтенше жағдайдың алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі уақытта Мақаншы ауданының Бақты ауылында жергілікті атқарушы органдардың күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде, атап айтқанда 300-ден астам қаптар төселді, бөгет жағалауы бойымен 400 тоннаға жуық көлемде инертті материалмен үйінді жүргізілді.

Су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда мониторинг және жедел әрекет ету үшін Абай облысының ТЖД жеке құрамның 12 адамы, 7 бірлік техника (жүзу құралдары мен мотопомпалар) күштер мен құралдар орналасқан.

Оқиға орнында ЖАО-дан 40-тан астам адам, жергілікті халықтан 70-ке жуық адам және 18 бірлік техника жұмыс атқарып жатыр.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ екені айтылып, төтенде жағдай бақылауға алынған.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: