Абай облысында елдімекендерге өрттен қауіп төніп тұрған жоқ - Өңір әкімдігі

11 Маусым 2023, 18:48 955

Әлеуметтік желілерде өрттің Семей қаласының Талица ауылына жақындағаны және қазір тұрғындарды эвакуациялау басталғаны туралы ақпарат таратылуына қатысты өңір әкімдігі аталған деректі жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Абай облысында бірнеше күннен бері жанып жатқан орман өртінен кейін түрлі шындыққа жанаспайтын ақпарат тарауда. Осы ретте аймақ билігі тек ресми хабарға ғана сенуді сұрап отыр. 

Талица, Каштак, Тепкаши ауылдарының тұрғындары алдын ала эвакуацияланып, Семей қаласының эвакопункттерінде болғанын мәлімдейміз. 11 маусымда олар үйлеріне қайтпақ болды, бірақ өрт жағдайының күрделенуіне байланысты олар қайтып оралды. Эвакуацияланғандар барлық қажетті заттармен, соның ішінде ыстық тамақпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілген, - деді Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: