13.05.2024
15:02
731
Абай облысында екі жеңіл автокөлік өртенді

Абай облысында екі жеңіл автокөлік өртенді

Семей қаласында жалпы ауданы 70 шаршы метр жерде екі жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қауіпсіз жерге 27 литрлік 1 газ баллоны, 1 оттегі баллоны шығарылды. Өрт салдарынан 1981 жылы туған ер адам күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Өрт сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.