Абай облысында бюджет қаражатын ұрлау дерегі анықталды

23 Қыркүйек 2023, 13:51 1512

Абай облысында жылыту маусымына дайындық бойынша бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК қазандықтарының жылыту маусымына дайындығын тексеру барысында Абай облысы әкімдігінің бастамасымен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және ҰҚКД бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеу кезінде қолданыста болған материалдарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын ұрлау дерегін анықтады, деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта. 

Облыс әкімі арнайы комиссия құрып, мердігер ұйымға жылыту маусымында Семей қаласын жылумен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз жұмысы істеуі үшін жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімдері белгіленді.

Асқар Таудай
Бөлісу: