Абай облысында бір отбасын өрттен құтқарған полицей марапатталды

25 Қазан, 22:40 613

Абай облысының бір отбасын өрттен құтқарған полицей марапатқа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бородулиха ауданында полиция капитаны Ерасыл Сыдықовтың жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алынды. Оқиға 7 қазанда түнгі 01:15 шамасында болған. Табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы қызметінен кейін үйіне қайтып бара жатып, жекеменшік үйде өрт шыққанын байқайды. Бірден әрекет еткен ол терезені сындырып, үйге кірген. Дереу отбасы мүшелерін ұйқыдан оятып, қауіпсіз жерге шығарған.

Республика күніне арналған салтанатты шарада полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре ерлік көрсеткен полицейді батылдығы мен жанқиярлығы үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.

Перизат Саденова
Бөлісу: