18.11.2024
19:28
777
Абай облысында бір аптада жол ережесін 49 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Абай облысында бір аптада жол ережесін 49 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Абай облысының полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде 49 рет жол ережесін бұзған Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіл көлік иесіне салынған айыппұл көлемі - 1,2 миллион теңге.

Жол ережесін жиі бұзған жүргізуші «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен анықталған. Заң талаптарын елемеген оның көлігі айыптұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері жол ережелерін жүйелі түрде бұзу жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді.