2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАбай облысы Аягөз ауруханасында әскерге шақырылғанына үш апта болған мерзімдегі сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
@kriminal_kazakhstan Telegram-арнасының жазуынша,18 жастағы мерзімдегіі әскери қызметші бактериалды менингиттен қайтыс болды. Ол 19 мамыр күні, ауруханаға жатқызылғаннан кейін үш күн өткен соң көз жұмған.
Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының хабарлауынша, 16 мамыр күні сарбаз өзін жайсыз сезініп, дене қызуы көтерілген соң Аягөз қаласындағы әскери госпитальге жатқызылған. Ол биыл 25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған.
Сарбаздың туыстарының айтуынша, оның денсаулығында күрделі мәселелер болған көрінеді. Оның омыртқасы ауырған, көру қабілеті нашар және әскери қызметке жарамсыз деген анықтамасы болған. Бірақ соған қарамастан сәуір айында үйіне әскери киімдегі екі адам келіп, әскери қызметтен жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғалатынын және 4 миллион теңге айыппұл салынатынын айтып қорқытқан. Медициналық тексерістен кейін жай ғана «белгі қойып береміз» деп уәде беріп, ұлын әскери бөлімге алып кеткен.
18 мамыр күні оның отбасына сарбаздың жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған. Анасы ауруханаға келгенде ұлы ес-түссіз жатқан, аяғында көгерген іздер болған. Кейін жүрегі тоқтаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Солтүстік Қазақстан облысының шақыру комиссиясына ішкі қызметтік тексеріс тағайындалды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова