Абай облысында 63,5 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

14 Мамыр 2023, 02:37 823

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданының халқымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Әкімнің сөзінше, Ақсуат ауданындағы өнімнің көлемі 473,3 млрд теңгеге артты.

Былтыр, өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 1,1 трлн. теңгені құрады. Ақсуат ауданының үлесі 692,9 млн теңге. Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі саласы екенін білесіз. Мұндағы өнімнің көлемі 473,3 млрд теңгеге артты. Өсім – 9,8%. Аудан шаруаларының қатысу үлесі – 7,3% немесе 34,3 млрд теңге. Ауданның бұл салада әлеуеті зор. Сондықтан, мал шаруашылығын дамытуға, шаруаларды қолдауға баса назар аудару қажет!, - деді әкім.

Сонымен қатар Абай облысының әкімі «ҚазАгроҚаржы» институты арқылы 182,3 млн теңгеге 30 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынғанын айтты.

Аудан бойынша пайдаланылмайтын 63,5 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары белсенді іске асуда. Шағын және орта бизнесте өсу қарқынының оң динамикасы байқалады. Облыстағы 49 мың бизнес субъектінің 1121-і Ақсуатта орналасқан. Бөлшек тауар айналымының көлемі 19,3%-ға ұлғайып, 438,8 млрд теңгені құрады. Ауданның үлесі – 6,8 млрд. теңге, - деп атап өтті ол.

Перизат Саденова
Бөлісу: