Абай облысында 5 гектар аумақтағы орман өрті сөндірілді

1 Тамыз, 21:02 600

Абай облысы Бесқарағай ауданындағы орман өрті сөндірілді. Қызыл жалын 7 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметіше, бүгін "Семей Орманы" МОТР операторынан Бесқарағай ауданында Дөңгелек орманшылығының аумағында орман жабындысы бар аймақта дақылдар өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында 7 га аумақтағы өрт сөндірілді.  Оқиға орнына орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД 60 қызметкер, 25 техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, "Казавиаорманқорғау" АҚ "МИ-2" тікұшағы жұмылдырылды.

Қазавиақұтқару "МИ-8" тікұшағмен облыс әкімдігі, ТЖД басшылығы аэровизуалды тексеру жүргізді.

Перизат Саденова
Бөлісу: