Абай облысында 30 мың гектар жер өртенді

9 Маусым 2023, 15:54 1248

Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Орман шаруашылығы комитеті қызыл жалын шарпыған аумақ 30 мың гектарды құрайтынын мәлімдеді. Өртпен күреске 600-ден астам жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО мен Қорғаныс министрлігінен барлығы 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. 55 рет көлемі 154 тонна су ағызылды, - делінген ҚР ТЖМ таратқан мәліметте.

Ал төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Абай облысындағы өртке байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын тоқтатып, ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында құрылған штабты өзі басқаратын болды.

Қазір облыстағы табиғи өртке байланысты жедел желі ашылып, ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылған: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31. Сондай-ақ көмекке мұқтаж халық 112 және 101 телефондары арқылы хабарласа алады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: