Абай облысында 10 отбасыға пәтер кілті табысталды

25 Қараша 2023, 03:08 889

Абай облысына қарасты Жарма ауданы Қалбатау ауылында халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыларға Искаков көшесінің бойынан жаңа пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Жарма ауданында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында 25 тұрғын үй, Қалбатау ауылында 50 пәтер, Шар қаласында 10 пәтерлік 5 үй пайдалануға берілді, - делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бүгінде Қалбатау ауылындағы Достық көшесі бойындағы 30 пәтерлік үш қабатты тұрғын үйдің құрылысын мердігер «Жарма стройгаз» ЖШС ұйымы жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Берік Арманов
Бөлісу: