Абай облысы: өрттен көз жұмған бес адамның жеке басы анықталды

10 Маусым 2023, 23:20 1131

Абай облысындағы орман өрті салдарынан қазап тапқан 5 орман қызметкерінің кім екен нақтыланды. Бұл туралы Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысып, қаза тапқан 5 орман қызметкерінің жеке басы анықталды. Облыс полицейлері өрт орнында хабар-ошарсыз кеткен 14 адамның денесін тапты. Қазіргі өрт кезінде қайтыс болған тағы 9 адамның жеке басы нақтылану үстінде, - делінген хабарламада.

Опат болғандардың ең жасы – Серікжан Тоқтасын. Ол 1996 жылы туған. Сонымен қатар марқұмдардың арасында Александр Сидорин, Саят Нұржігітов, Алексей Губаев және Амангелді Дүйсембаев есімді азаматтар бар.

Ақпаратта айтылғандай, бүгінде өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасы жүріп жатыр.

Біз қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан орман қызметкерлерінің отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз, - дейді ведомстводан.

Берік Арманов
Бөлісу: